Білім беру бағдарламалары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген 2020.09.24 № 412

 

Бағдарламаның Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін қолайлы қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес олардың білімін, іскерлігін және дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ұлттық дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген патриотизмді және толеранттылықты тәрбиелеу, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастыру- балалардың мектепте оқуға психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік дайындығы.

 

Бағдарламаның Міндеттері: баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды және оларды әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамыту ортасын құру, мектепке дейінгі білім берудегі сабақтастық пен үздіксіздік қағидаттарын қамтамасыз ету, білім беру салаларын интеграциялау, баланың зияткерлік, Әлеуметтік және жеке дамуы үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, мектепке дейінгі ұйымның, мектептің бірлескен ынтымақтастығы мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қоғамдастығының қажеттіліктерін қанағаттандыру.

 

Бағдарламаның мазмұны мыналарға бағытталған:

      1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу;

      2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаттарын қамтамасыз ету;

      3) мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктер жасау;

      4) қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білімдерді, машықтар мен дағдыларды, өз бетінше оқу дағдыларын, оның ішінде ерте жастағы балаларда қалыптастыру;

      5) тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық-педагогикалық жағдайларын жасау;

      6) тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу қызметіне дайындықты қамтиды;

      7) "Рухани жаңғыру"бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ұлттық дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру;

      8) креативтілікті, коммуникабельділікті, сыни ойлауды және командада өзара іс-қимыл жасай білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-жеке қасиеттерді қалыптастыру.

Учебно-воспитательная работа 2022-2023
Арт-терапия
kkҚазақ тілі